Шымкенттен Будапештке тікелей әуе рейсі ашылады
Шымкенттен Будапештке тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл жөнінде Қазақстан мен Мажарстанның Сыртқы істер министрлерінің ресми кездесуінде белгілі болды. Тараптар келіссөздер жүргізді. Екі ел арасындағы тауар айналымы жылдан-жылға артып келеді. Былтыр 4,4% жетіп, 200 млн доллардан асты. Бүгінгі кездесуде ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жаңа бағыттары айқындалды.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Қазақстанда мажар банктерінің филиалдарын ашу, Будапештте мультимодальды терминал салу, Мажарстанға экспортталатын мұнай және мұнай өнімдерін ұлғайту, сондай-ақ уран және сирек кездесетін минералдарды игеру перспективасына сенімім мол.
Петер Сийярто, Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі:
Бауырлас халықтарымыз бен бизнестің кең түрде араласуына мамыр айында ашылатын Шымкент – Будапешт тікелей әуе рейсі сүбелі үлес қосатынына кәміл сенемін.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09