Физика бойынша Нобель лауреаттары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Физика бойынша Нобель лауреаттары анықталды

03.10.2017

2017 жылдың Физика бойынша лауреаттарының есімдері белгілі болды. Олар – Кип Торн, Райнер Вайсс пен Гарри Бэрришоу.

Үш америкалық ғалым бұл жүлдені гравитациялық толқындарды тапқаны үшін алып отыр. Дәлірек айтсақ, олар «ЛИГО» обсерваториясының негізін қалап, оның көмегімен қара құрдымдардан алғашқы толқындарды анықтады. Ал, кеше медицина бойынша Нобель жүлдесін тірі организмдердегі «биологиялық сағаттың» жұмысын зерттеген үш америкалық зерттеуші иеленгені белгілі.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу