Қазақстандық стартаптар шетел нарығында сұранысқа ие
Қазақстандық стартаптар шетел нарығында сұранысқа ие. Жасанды интеллект негізінде компанияларға қажет мамандарды іріктейтін цифрлы рекрутинг ұсынатын жоба отандық компаниялардан бөлек АҚШ нарығына да шыққан. Стартап жасап шыққан платформа бір уақытта жүздеген кандидатпен сұхбат жүргізіп, дағдыларын бағалай алады.
Ерсұлтан Жұнысақынов, Call2action.Ai компаниясының негізін қалаушы:
Цифрлы қызметкер алып келеміз. Өйткені ол 3 есе арзан. 24 сағат, 7 күн бойы жұмыс істей береді. Ол ауырмайды. Ешқайда сұранбайды. Сол үшін сізге бизнеске өте маңызды болады. Біз күніне 150-200 онлайн әңгімелесу жасай аламыз. Сол кезде бір рекрутер адам болса, ол күніне максимум 50-ін жасай алатын шығар. Ал біздің шешім 4 есе жақсы жасайды.
Үлкен корпорацияларға тиімді шешім ұсынып отырған өзге де қазақстандық стартап бар. Ол инверсторды не серіктесті оңай табуға көмектесетін платформа жасаған. Цифрлы шешімнің арқасында компанияларды бір-бірімен байланыстырып, өзге нарыққа шығуға сеп болады.
Шамиль Ахмедов, Introdex компаниясының ортақ негізін қалаушы:
Біз бірнеше бағытта жұмыс істейміз. Негізгісі - ірі холдингтер мен корпорацияларға цифрлық серіктес боламыз. Біз оларға белгілі бір бизнес үдерістерін цифрландырып, тиімділікті арттыруға көмектесеміз. Бұл бір жағынан компания шығындарын азайтса, екінші жағынан табысты көбейте алады. Әлеуметтік жобаларға да белсенді қатысып жүрміз. Жақында ауылдық жерлердегі балаларға арналған «iQanat» олимпиадасын цифрландырдық.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33