Қазақстан мен Тәжістан арасындағы сауда-саттық $1,2 млрд құрады
Елімізге Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин ресми сапармен келді. Ол алдымен еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Табиғи апаттарды болжау және экологиялық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін спутниктер топтамасын құру жөнінде пікір алмасты. Ведомство басшысы екі ел арасындағы экспорт көлемін арттыруға дайын екенін жеткізді.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:
БүгіндеТәжікстан Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Былтырғы жылы Қазақстан мен Тәжікстанның алыс-берісі 7 пайызға артып, 1,2 млрд долларды құрады. Бұл қарқынды бәсеңдетпеу мақсатында пәрменді шараларды іске асыруды нақтылап, таяу арада тиісті жол картасын қабылдамақпыз. Жалпы болашақта тауар айналымын мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес біз 2 млрд доллардан асыруға жоспарлап отырмыз.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16