Криптовалюта нарығындағы ақша айналымы 3 трлн доллардан асты
Әлем экономикасының қаржы саласында криптовалюта мен басқа да цифрлық активтер кеңінен қолданыла бастады. Мамандар болжамынша, криптовалюта нарығындағы ақша айналымы 3 трлн доллардан асқан. Криптографиямен қорғалған цифрлық валюта әдетте айырбас құралы ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ тәулік бойы және делдалсыз тәуелсіз жұмыс істейді. Әлемдік цифрлық валюта нарығында биткоинның бәсі жоғарылап келеді. Былтыр тарихи көрсеткішке жетіп, 100 мың доллардан асқан. Сөйтіп электронды ақша қаржы нарығында үздік ондыққа енді. Бұл қарқын тоқтамайды. Сондықтан мемлекеттік стратегиялық жоба әзірленуі тиіс, дейді сарапшылар.
Ақбөпе Әбілқасымова, экономист:
Криптовалюта және цифрлық сала туралы Президент бекер айтып отырған жоқ. Себебі біз қаласақ та, қаламасақ та әлемнің бір бөлшегі ретінде мұны айналып өте алмаймыз. Сондықтан стратегия әзірлеу мәселесі өте өзекті. Тіпті мектеп бағдарламасына цифрлық технологиялардың алғышарттарын үйрететін пән енгізу қажет деп есептеймін. Бұл - ел болашағына салынған тиімді инвестиция.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16