Үкімет қосымша құн салығын 16%, 10% және 0%-ға жіктеуді ұсынып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндер қосымша құн салығынан толықтай босатылады. Бұл – саладағы бәсекелестікті арттыру үшін жасалып отыр. Ал денсаулық сақтау саласында кәсібін дөңгелетіп отырғандарға салықтың аталған түрі 10 пайыздан аспайды. Бұл тізімге тағы бірнеше сала қосылуы мүмкін. 16 пайыз қосымша құн салығы кімдерге салынатыны әлі талқыланып жатыр.
Айта кету керек, бүгіннен бастап құрамында Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің өкілдері бар 6 арнайы жұмыс тобы бір апта бойы өңірлерді аралап, кәсіпкерлер арасында салық кодексіне енетін өзгерістерді түсіндіреді. Ал Үкімет басшысы Олжас Бектенов Салық кодексінің жаңа редакциясын 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуді тапсырды.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қосымша құн салығынан ауыл шаруашылығы босатылуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/206643/)