Әлеуметтік желіден пайда табатындар салық төлеуге міндетті
Tiktok, Instagram, Youtube сынды әлеуметтік желілерден пайда тауып отырған қазақстандықтар салық төлеуге міндетті. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, кірістердің барлық түріне, соның ішінде шетелдік компаниялардан түсетін кірістірге салық қарастырылған. Қазақстанда заңды жұмыс істейтін платформалардан төлем автоматты түрде ұсталады. Әлеуметтік желілерде монетизация арқылы табыс табатындар 270 нысаны бойынша декларация тапсыруы тиіс. Салық көлемі 10 пайыз. Егер тұрақты түрде жұмысшы жалдамаса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Тек қажеттілік туындағанда банк көшірімі мен әлеуметтік желідегі монетизация туралы мәліметтерін көрсетсе жеткілікті, дейді комитет өкілдері.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
14.10.2026, 10:44
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41