Қазақстан мен Грузия орта дәліз арқылы жүк тасымалын бірлесе арттыруға келісті
2027 жылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы тасымалданатын жүктің көлемі 10 миллион тоннаға жетеді. Бұл жайында Үкімет басшысы Олжас Бектенов Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылағанда айтылды. Жоспарға теміржол, әуе, автомобиль, теңіз жолдарының әлеуетін арттыру арқылы қол жеткізілмек. Ауқымды жобаларға қазақстандық инвесторлар ірі көлемде қаржы құйып жатыр. Грузия тарапы да екіжақты ынтымақтастықты дамыта түсуге мүдделі екенін жеткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, металлургия, тамақ өнеркәсібі және өзге де саладағы ынтымақтастықты арттыру бойынша келісім жасады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Өткен жылы ТХКБ арқылы тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаны құрады. Бағыттың әлеуетін арттыру, сондай-ақ инфрақұрылымды, порт және терминалдық қуатты жақсарту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергіні жою және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазақстан Үкіметі барлық бағыт бойынша Қазақстан-Грузия әріптестігінің серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты жұмысты жалғастыруға ниетті.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16