Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» кеден бекеті уақытша жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» кеден бекеті уақытша жабылды

05.02.2025

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» кеден бекеті бүгіннен бастап жабылды. «Жібек жолы» кеден бекетін уақытша жабу -  екі ел арасындағы ортақ шешім. Себебі Өзбекстан тарапы бүгіннен бастап шекарадағы «Гишткуприк» кеден бекетінде күрделі жөндеу жұмыстарын бастайды. Өйткені көрші ел өткізу пунктінде 3 жылдан бері қолға алынған жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарланып отыр. Өзбекстан кеден комитетінің мәліметінше, бекеттің аумағы 1,5 гектарға кеңейіп, шекарадан өткізу мүмкіндігі артады. Яғни тәулігіне бекеттен 350-ден 1000 көлікке дейін, 30 мыңнан 50 мың адамға дейін өтетін болады.

Ал алдағы 4 айда жеңіл көлікпен және шекараны жаяу кесіп өтетіндер жуырда ғана ашылған «Қапланбек» және «Науаи» кеден бекеттері арқылы өте алады. Екі бекет арасындағы қашықтық 20 шақырымға жуық. Мамандар өткізу бекеттерінде ешқандай қиындық туындамайды деп сендіріп отыр.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу