Алматыдағы бірнеше білім беру мекемесінде балалар  бейбітшілік күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы бірнеше білім беру мекемесінде балалар  бейбітшілік күнін атап өтті

22.09.2017

Алматыдағы бірнеше білім беру мекемесінде «Халықаралық бейбітшілік күніне» орай ұйымдастырылған шаралар өтті.

Ұстаздар қауымы бұл күнді дәріптеу бастауыш сынып оқушылары үшін өте қажет деп есептейді. Өйткені, қазір қазақ мектептерінің өзінде бірнеше ұлт өкілдерінің ұл-қыздары білім алып жүр. Сондықтан, тұрақты дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүріп жатқан балалар бейбітшілік деген қастерлі ұғымды қадірлеп өсуі тиіс.

Жыл сайын өткізілетін мерекеде қолдарына бейбітшіліктің белгісі есептелетін ақ кептер бейнеленген шарларды аспанға ұшыруды дәстүрге айналдырған.

 Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу