Мектеп асханасында балаларға көгерген нан мен бүлінген тамақ беріледі.
Петропавл қаласындағы 25-ші мектеп оқушыларының ата-аналары прокуратура мен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына осындай шағым түсірді. Олардың айтуынша, асқазанының ауырғанына шағымданып, дәрігер көмегіне жүгінетіндер көбейген. Ата-аналар құзырлы органдардан мектеп асханасының жұмысын тексеріп, тиісті шаралар қабылдауды талап етіп отыр.
Талшын Мұхамединова, ата-ана:
Рұқсат берілмейтін сусындар сатылды. Оны сатуға болмайды дедік, бірақ балалардан естисің, неге сатылып жатыр дегенде, онда айтты, допродаем. Өткен жетіде тексеріске бардық, онда айтты, басшысы жоқ деді. Солай біз оны тексере алмадық.
Шағым көбейгендіктен, мектеп әкімшілігі мердігермен келісім шартты бұзуды жөн санапты. Алайда асхана басшылығы онымен келіспей, сотқа арызданған. Білім беру мекемесі директорының айтуынша келісімшарттағы 5 аспаздың орнына 1 адам жұмыс істеп келген. Тіпті санитарлық кітапшасы жоқ қызметкерлер де анықталған. Мектеп тарабы да аталған деректерді тізіп, сотқа шағым жолдаған. Ал асхананы жалға алған мердігер мектеп әкімшілігінің мақсаты – бизнеске кедергі келтіру деп санайды.
Ботагөз Копобаева, заңгер:
Біз алдық та, сотқа бердік. Заң бойынша ол сотта бәріміз дәлелдейміз, не үшін ол кісі договорды продлевать етпеді, докозательство әкелсін деген секілді. Біз де докозательство әкелуге. Енді бүгін мен ойлаймын, енді негізі директор құжатты жинап жатқаны, ертең оған сотта дәлел керек.
Эльмира Кәленова
