Президент Түрікменстанның сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Түрікменстанның сыртқы істер министрін қабылдады

04.02.2025

Мемлекет басшысы Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-түрікмен байланыстары барлық бағытта достық, тату көршілікке және стратегиялық серіктестік негізінде дамып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ Ашхабад бастамашы болған Бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтап, бұл Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен қатар келіп отыр, деді.

Ал мәртебелі мейман Қазақстан Президентіне Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ыстық ықыласын жеткізді. Тараптар энергетика, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу