Қытай мен АҚШ арасында сауда соғысы қыза түсті. Бейжің Дональд Трамптың шешіміне жауап ретінде кейбір америкалық тауарларға тариф енгізді. Бұл туралы қаржы министрлігі мәлімдеді. Оған сай Бейжің америкалық көмір мен сұйытылған табиғи газға 15 пайыз, шикі мұнайға, ауылшаруашылық жабдықтарына 10 пайыз кедендік салық енгізді. Бұған қоса Американың екі компаниясын сенімсіз деп жариялады. Қытай сондай-ақ америкалық «Гугл» компаниясын монополияға қарсы заңды бұзу бойынша тергей бастаған. Ал бүгін АҚШ-та Қытай тауарларына қарсы енгізілген 10 пайыздық тариф күшіне енді.
Арай Төлегенқызы
