Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ Шымкенттен табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ Шымкенттен табылды

04.02.2025

Шымкент қаласының шетіндегі зираттардың бірінен жасырылған қару-жарақ табылып, 4 тегіс ұңғымалы мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді. Олардың ішінде Алматы қаласындағы дүкендерден ұрланған қарулар да бар. Сондай-ақ, Қостанай облысында бұрын сотты болған жергілікті тұрғынның жертөлесінен 3 «Калашников» автоматы табылған. Осы жәйт бойынша күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен жұмысы нәтижесінде Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған 8 мыңға жуық атыс қаруы, 811 граната мен түрлі калибрдегі 112 мыңнан астам-оқ дәрінің жасырылған жері анықталып, тәркіленген.

Шыңғыс Алекешов, ІІМ ресми өкілі:

Бүгінгі таңда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1 мың 226 қарудың шығу тегі айқындалды. Қалған тәркіленген 6 мың 765 қарудың қылмыскерлер тіркеу номерлерін қасақана жойып, өшіріп тастағанына байланысты қазіргі уақытта олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу