Бүгін - Қазақстан халқының тілдері күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстан халқының тілдері күні

22.09.2017

Бүгін еліміз үшін елеулі күн. 1998 жылдың 20 қаңтарында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды және бізде тату-тәтті тұратын барша жұрттың ортақ мерекесіне айналды.

Мемлекет басшысы: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген тұжырымды үнемі алға тартып келеді. Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ана тілімізді қолдануды кеңейту жөнінде ауқымды, мазмұнды шаралар қабылданып, жүзеге асырылуда.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу