Трамп Мексика Мен Канадаға тариф енгізуді бір айға шегерді
АҚШ президенті мексикалық және канадалық тауарларға 25 пайыз тариф енгізуді 1 айға шегерді. Себебі екі елдің президенттері Дональд Трампқа шекарада есірткімен күресті күшейтуге уәде берген. Мексика бұл мақсатта өзінің солтүстік шекарасына ұлттық гвардияның 10 мың сарбазын жібереді. Ал Канада фентанил тасымалын тоқтату үшін шекараға жаңа ұшақтар, технология мен 10 мың адамды қоятынын мәлімдеді. Трамптың айтуынша, тарифті кейінге қалдыру елдер арасындағы қарым-қатынастардың жаңа шарттарын талқылауға жол ашпақ. Ал Қытайға қатысты 10 пайыздық тариф күшінде қалды. Ақ үй басшысы жақын арада бұл мәселе бойынша Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен әңгімелесуге ниетті.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16