Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналым 4 есеге өсті
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналым 4 есеге өсіп, қаржы көлемі 500 млн долларға жуықтады. Ендігі меже - 1 млрд долларға жеткізу. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Сыртқы істер министрімен кездесу барысында мәлім етті. Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Қазақстанға ресми сапармен келді. Тараптар қазақ-түрікмен ынтымағын нығайту бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Бүгінгі таңда әлеуеті өсіп келе жатқан «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржол магистралін дамыту да өзара тиімді және халықаралық саудаға жаңа дем беретін аса маңызды ортақ жоба.
Рашид Мередов, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Арал теңізінің проблемаларына, сондай-ақ Каспий теңізіне қатысты мәселелерге көп көңіл бөлінді. Осыған байланысты бірлескен жұмыстарды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Көлік және коммуникация, энергетика, сауда және басқа да басым салалардағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселесін талқыладық.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16