Енді дүкен сөрелері отандық өніммен толығады
Енді дүкен сөрелерінің кемінде 50%-ы қазақстандық азық-түлік өнімдерімен, ал 20%-ы тұрмыстық тауарлармен толтырылуы тиіс. Олар көрнекі әрі қолжетімді жерлерге орналастырылуы керек. Сауда және интеграция министрі отандық өндірушілерді қолдау мақсатында осындай бірқатар міндеттеме бекітілгенін айтты.
Арман Шаққалиев - Алматы қаласындағы ірі сауда желілерін аралап, кәсіпкерлермен кездесіп, дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесін арттыру мәселесін талқылады. Сондай-ақ, сауда орталықтарында отандық өндірушілердің тауар көрмелерін ұйымдастыруды ұсынды. Бүгінде оңтүстік шаһарда 11 ірі сауда желісі және 3 жарым мыңнан астам шағын дүкен жұмыс істейді.
Айдар Әбілдабеков, ҚР СИМ сауда комитетінің төрағасы:
Бірнеше отандық тауар өндіруші тікелей осы сауда желісіне өнімін жеткізеді екен. Соның ішінде пияз да бар, картоп та бар, сәбіз де бар, қырыққабат та бар, мысалы. Бағалап шықтық, тура осы сауда желісінде 47% қазақстандық өнім.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49