«Кентайдан Ұлытауға дейін» тарихи жадының жаңғыруы экспедициясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кентайдан Ұлытауға дейін» тарихи жадының жаңғыруы экспедициясы аяқталды

19.09.2017

Бір айға ұласқан сапар Моңғолияның Бурхан-Халдун тауынан бастау алып, Орталық Қазақстандағы Ұлытауда қорытындыланды. Нәтижесінде екі ел арасындағы бұрын-соңды зерттелмеген 24 тарихи кешен тіркеуге алынды. Мәселен, «Шивеет улан» кешенінде табылған деректер Елтеріс Құтлық қағанға қатысты деген болжам жасалып отыр. Сондай-ақ, 8 қырлы киіз үй тәрізді тастан жиналған ғимараттар, ою-өрнек бедерленген мүсіндердің де бар екені анықталған. 10-ға жуық мемлекеттің тарихшы, этнограф мамандары мен журналистер қауымы бір ай ішінде 2 мың шақырымды басып өтіп, осындай тың тарихи жаңалықтарға куә болды. Сапар барысында Моңғолия ұлттық музейіндегі кейбір құнды жәдігерлердің ғылыми көшірмесін алу жөніндегі бірқатар келісімшарт жасалған. Әрі осы экпедициялық саяхат жөнінде кітап жазу жоспарланып отыр.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу