Бүгін «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Таза бейсенбі» акциясына 50-ге жуық азамат қатысып, 4 тоннадан аса қоқыс жинады. Олар бұл жолы «Нұрсат» шағынауданындағы көпқабатты үй аулаларындағы қураған ағаштар мен шіріген шөп жапырақтарды жинап, бітеліп қалған арықтарды аршыды. Бұл жұмыстар партия мүшелері, жастар қанаты, студенттер және қала тұрғындарының күшімен атқарылды. Былтыр мегаполисте «Таза» бейсенбі» акциясы аясында 35 рет экологиялық шара өткізілген. Соның нәтижесінде 40 тоннадан аса қоқыс жиналды. Партия белсенділері тазалық жұмыстарынан бөлек коммуналдық қызметкерлерге де барынша қолдау білдіріп келеді.
Ербол Байқоныс, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары:
«Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері көшеге шығып, коммуналдық қызметкерлерге ыстық шайін, нанын беріп жатады. Біз олардың еңбегін бағалауымыз керек. Әрбір тұрғын Шымкент қаласының тазалығын насихаттауы керек.
Ғани Қалмахан
