Маңғыстау облысының Сарға ауылы техникалық су ішіп отыр
Маңғыстауда Сарға елдімекеніне ауылішілік су құбыры қайтадан жүргізілетін болды.
Ол үшін бұрынғы жобаға түзетулер енгізіліп, облыстық бюджетке өтінім жолданған. Жобаның құны 1 млрд 366 млн теңге.
Еске салайық, Бейнеу ауданына қарасты Сарға ауылы тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін осыдан 9 жыл бұрын жоба жасақталған. Алайда құрылыс жұмыстары басталып, аяқсыз қалды. Қылмыстық іс қозғалып, жауаптылар сот шешімімен жазаланды. Сарға ауылында 1700-ге жуық тұрғын бар. Олар әлі күнге техникалық су тұтынып отыр.
Расул Тайшыбаев, Бейнеу аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:
Облыстық бюджет комиссиясынан екі кезеңнен де өтіп тұр. Енді қаржыландыру көзі қолдау тауып жатса, осы жылы бастап, құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз ба деген жоспарымыз бар. Аталған жоба бойынша 500 кубты құрайды су беру күші емкостьтің. Одан кейін ауылішілік 22 шақырымды құрайтын құбырлары бар. Сосын су тазарту ғимараты бар арнайы.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16