Егістікке химиялық заттарды қолдану 70% қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егістікке химиялық заттарды қолдану 70% қысқарды

29.01.2025

Алма бақтарында, қызанақ пен қырыққабат егістіктерінде химиялық заттарды қолдану 70%-ға қысқарды.

Бұл тәсіл 2023-2024 жылдары Қазақстанда БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшылары жүргізген табысты далалық тәжірибелер негізінде әзірленген. Сынақтар зиянкестермен күресудің балама әдістерінің жоғары тиімділігін көрсетіп, химиялық заттарды қолдануды айтарлықтай төмендеткен.

Пестицидтерді пайдалануды азайтудың маңыздылығы жөніндегі өзге де мәселелер бүгін Алматыда өткен семинарда талқыланды. Өсімдіктерді қорғаудың интегралды жүйесі – бұл ең алдымен зиянкестермен күресудің табиғи механизмдерін қолданатын кешенді тәсіл, - дейді сала мамандары. Бұл әдіс фермерлерге адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қаупін азайтып, экологиялық таза өнім өсіруге мүмкіндік береді.

Ержан Айнабеков, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КЕАҚ төрағасының орынбасары:

ФАО-мен бірлесіп атқарып отырған бірқатар жоба бар. Топырақты деградацияға айналдырмау, селекция, семеноводство жөнінен солармен бірге мынау жалпы өсімдік қорғау саласында интеграциялық әдістерді қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын кешенді зиянкестерден қорғауға бағытталған.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу