Ақтөбедегі музей үшін жаңа ғимарат салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі музей үшін жаңа ғимарат салынуда

15.09.2017

Ақтөбеде 90 жылдық тарихы бар музей үшін енді ғана жаңа ғимарат салынып жатыр. Құрылыс мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жүруде. Қажетті қаржының тең жартысын жергілікті компания бөлді. Мұражайдың ескі ғимараты болса, өткен жылы өртеніп, апаттық жағдайда деп танылды. Қазір ол музей құлыптаулы. Ал, жүз он мың экспонатты шаң басып тұр. 

Музейдің жаңа ғимараты биыл жыл соңына таман жұмыс істей бастайды. Мамандар жаңаша жасақталатын мұражай енді өлке тарихын кеңінен насихаттауға мол мүмкіндік береді деген сенімде. 

 

Райгүл ЕНШІБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу