«Таза Қазақстан» акциясы - экологиялық сананы қалыптастырудың жолы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» акциясы - экологиялық сананы қалыптастырудың жолы

28.01.2025

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақмола облысының Каменка селосындағы агротехникалық колледжде дөңгелек үстел өтті. Жиында қоршаған ортаның ластану проблемасы көтеріліп, онымен күресу жолдары айтылды. Колледж негізінен болашақ механизаторларды дайындайтындықтан, оқу бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау бойынша сабақ санын арттырған. Жалпы, экологиялық акция аясында Сандықтау ауданында былтыр 156 заңсыз қоқыс орны анықталып, оны жою жұмыстары жүргізілген. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сәуле Жайылғанова, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары:

Биыл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 3 млн теңге бөлінді. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 20 ерікті жұмысқа қабылданады. Сөйтіп аймағымызды абаттандыруға бар күшімізді салатын боламыз.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу