«Қазақстан» орталық концерт залында халықаралық ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» орталық концерт залында халықаралық ақындар айтысы өтті

14.09.2017

Қара өлең шеберлерінің сайысына Қытай мен Ресейден және Моңғолиядан келген айтыскерлер де қатысты. Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған «Қоғамдық сананы жаңғырту»  тақырыбы аясында сөзден маржан түзген жиырмаға жуық ақын ұлттық салт-сананы қалыптастыру  жайын арқау етті.   

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен өткізілген байқаудың бас жүлдесіне - автокөлік тігілген.

Сондай-ақ, суырып салма ақындарға «Медицина ғылымдарының докторы, академик Жасан Зекейұлы» атындағы сыйлық та табыс етілді. 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу