Алматы облысында мәйттік донор 6 адамның өмірін сақтап қалды
Дәрігерлердің айтуынша, 45 жастағы азаматқа бас миының өлімі диагнозы қойылған. Туыстары марқұмның қажетті ағзасын алуға келісімін берген. Осылайша екі көз, екі бүйрек, жүрек және өкпе өзге жандарға салынды. Донордың бүйрегі 18 жастағы бойжеткенге үміт сыйласа, жүрегі 1981 жылы туған ер адамның ғұмырын ұзартты. Қалған дене мүшелері трансплантациялау орталықтарына жеткізілді. Сала мамандарының айтуынша, мәйттік донор тапшылығы әлі де өзекті. Ел бойынша күту парағында 4 мыңнан аса науқас тұр.
Тимур Шүпенов, облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасының стационарлық үйлестірушісі:
Операция сәтті аяқталды. Марқұм 7 адамның өмірін сақтап қалатын еді, тек бауыры алмастыруға жарамсыз деп танылды. Сондай-ақ, біз 2020 жылдан бері алғаш рет қасаң қабаққа трансплантация жасадық. Ағза алмастыру өте өзекті мәселе. Күту парағында тіркелген науқастардың басым бөлігі – жастар.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08