Алматыда ең көлемді кітап фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ең көлемді кітап фестивалі өтті

12.09.2017

Айтулы шарада 4 000 кітап халыққа тегін таратылды. Оған белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Далада тігілген шатырларда 5-20 пайыз жеңілдікпен таңдаулы туындылар сатылды. Келушілер офлайн режимде жұмыс істейтін орында танымал жазушылармен жүздесіп, сұхбат құрды.

«Дәстүрлі шара жастар арасында кітап оқуға деген ынтаны көтеріп, қызығушылықты арттырады»,  - дейді ұйымдастырушылар.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу