Банк омбудсменінің қызметіне жүгінетіндер көбейген
Банк омбудсменінің қызметіне жүгінетін қазақстандықтардың саны артқан. Сала маманы Дархан Нұрпейісов мұны банк омбудсменінің құзыретін кеңейтетін заңның қабылдануымен байланыстырады. Жыл басталғалы банктік қарыздардың барлық түрлері бойынша 550-ден астам өтініш келіп түскен. Шағымдардың 95 пайызы тұтынушылық несиелерге қатысты дейді ол. Дегенмен арыздар арасында талапқа сай келмегесін қаралмай жатқандары көп көрінеді. Сондықтан ол борышкерлерге не істеу керегін айтты.
Дархан Нұрпейісов, банк омбудсмені:
Банк омбудсменіне келердің алдында ол банктің өзі немесе коллекторлық ұйымға баруы керек. Мәселесін айтып, өз ұсыныстарын беруі керек. Банк 15 күннің ішінде қарыз алушының ұсыныстарын қарап, сол ұсыныстармен келісуі керек немесе өзінің ұсыныстарын беру керек. Ондай кезде біз қарыз алушының қаржылық жағдайын қарап, құжаттарын көріп, жағдайды түсінгеннен кейін бірге отырып, банкке ұсыныстарымызды жібереміз.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16