ШҚО-да ақтүтек боран соғып тұр
Еліміздің шығысында да өткен түннен бері ақтүтек боран соғып тұр. Таңнан бері өңірдегі автокөлік жолдарының көбі жабық. Ал таулы аудандарда қазір қардың қалыңдығы 2 метрге жетіп қалды. Алайда оған қарамастан жолға шығып кетіп қар құрсауында қалғандар бар. Олжас Керейхан Өскеменнен байланысқа шықты. Олжас соңғы ақпаратты жеткізсеңіз?
Олжас Керейхан, тілші:
Еліміздің шығысында өткен аптаның соңында борансыз ақ ұлпа қар жауа бастаған. Алтай, Қатонқарағай, Үлкен Нарын және Марқакөл, аудандарында әлі жауып тұр. Сондықтан коммуналдық мекемелер тоқтаусыз жұмыс істесе де қалың қарды шығарып үлгермей жатыр. Ал бүгін таң ата боран соқты. Кейбір аумақтарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетті. Өскемен-Тарғын-Самар тас жолы және Өскемен-Алматы бағыты жабылды. Сондай-ақ Өскемен-Шемонаиха арқылы Ресейге шығатын жолға да шектеу қойылды. Бірақ оған қарамастан жолға шығып қар құрсауында қалған екі жүк көлігіне төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары көмекке барды.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04