Елімізде дәрі-дәрмек бағасы 30%-ке дейін арзандайды
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы 30% дейін арзандайды. Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін енгізіп жатыр. Нәтижесінде шектік баға саясатында өзгерістер болмақ. Вице-министр Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, тегін медициналық көмектің, МӘМС арқылы ем қабылдап жатқан науқастарға арналған дәрілердің шекті құны төмендейді. Сондай-ақ түпнұсқамен сапасы бірдей препараттардың балама түрлері де 30% арзандайды.
Ержан Нұрлыбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
Дәрі-дәрмек құнын төмендетудің бір құралы ретінде олардың бағасына бұрын енгізілген қосымша шығындарды алып тастау қарастырылған. Яғни маркетингтік шығындар, тасымалдау шығындары және сапаны бағалауға арналған шығындар. МӘМС шеңберінде олар 20% дейін, көтерме сату үшін 25% дейін, ал бөлшек сауда үшін 30% дейін арзандайды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16