Оңтүстік Корея студенттері Қызылордада оқитын болды
Оңтүстік Корея елінің студенттері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен тағылымдамадан өтеді. Былтыр іргелі оқу орнының жанынан Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің бөлімшесі ашылған. Елімізде жоғары білім беру ошақтарын дамытуға бағытталған бағдарламалардың бірі шетелдің озық университеттерімен әріптестік байланыс орнату. Осы тұрғыда Кореяның ІТ саласындағы жетістігін ескеріп, Сыр өңірінде «Жасанды инттелект институты» құрылды. Қос диплом жобасы аясында алғашқы 100 студент білім алуда. Олар 2 жылын Қызылордада, 2 жылын Сеул университетінде оқиды.
Ко Кенг Тэ, Сеул Ұлттық ғылым университетінің студенті:
Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Маған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұнап жатыр. Студенттер мен оқытушылар бізді жылы қарсы алды. Біз өзіміздің төрт жыл бойы алған біліміміз бен жинаған тәжірибемізді осындағы студенттермен бөлісеміз. Мұнда ІТ сыныптары толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылғанын көрдік. Сондықтан қазақ жастарынан да үйренеріміз бар деп ойлаймын.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01