Беларусь мұражайы Қазақстанға сый тарту етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь мұражайы Қазақстанға сый тарту етті

01.09.2017

Беларусь Республикасының Қазақстанға ерекше сыйы. Бүгін осы елден келген өкілдер еліміздің Ұлттық мұражайына этнографиялық және тұрмыстық бұйымдарды тарту етті. Жинақ құрамында сәндік-қолданбалы бұйымдар, қыш ыдыстар, тоқыма және кесте өнері туындылары бар. Сонымен бірге, музейден Беларусь әйелдерінің ұлттық киімін де тамашалауға болады. Бұл экспонаттар Беларусьтің тарихи мұражайынан әкелінген. Олар еліміздің Ұлттық мұражайындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы және көпұлтты Қазақстан» залына қойылды. Ресми шара барысында Қазақстан мен Беларусь Ұлттық мұражайлары арасындағы ынтымақтың артып жатқаны туралы айтылды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу