Президент Қазақстанға инвестиция салатын кәсіпкерлермен кездесті
Жамбыл облысында салынатын жел электр станциясының құрылысына жергілікті өнімдер пайдаланылады. Президенттің қабылдауында болған «Masdar» компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи осылай деді. Аталған ірі жобаға 1,4 миллиард доллар инвестиция салынады.
Сонымен қатар кездесуге «Abu Dhabi National Oil Company» қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салмин қатысты. Президент еліміздің аталған компаниямен серіктестікті одан әрі дамытуға баса мән беретінін атап өтті. Кездесуде мұнай-газбен қатар геологиялық барлау ісіндегі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланып, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16