Қызылордадағы Қорқыт ата әуежайы рейс санын көбейтпек
Қызылорданың Қорқыт ата әуежайы жаңа бағыттар бойынша рейстер санын көбейтпек. Былтыр ғана пайдалануға берілген Сырдың әуе қақпасы халықаралық талаптарға сай еліміздегі заманауи терминалдардың бірі.
Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңадан салынған әуежай терминалдары өткен жылдың басты жетістіктерінің бірі деп атап өткен еді. Қазіргі таңда Қорқыт ата әуежайынан аптасына 27 рейс орындалады. Жолаушылар әзірге ұшақпен Астана және Алматы қалаларына қатынаса, жақын арада Көкшетау, Ақтау мен Атырауға да жаңа бағыттар ашылмақ.
Баян Ғарифуллаұлы, «Қорқыт ата әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:
Алдағы уақытта аптасына 2 рет Қызылорда-Көкшетау бағытына рейс ашу жоспарлануда. Одан бөлек мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін тікелей Қызылорда - Анталья чартерлік рейсі ашылады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16