Сенатор: Азаматтық авиацияның инфрақұрылымын дамыту қажет
Елдегі Азаматтық авиация академиясында мәселе көп. Сенатор Нұртөре Жүсіп саладағы түйткілдерді көтеріп, сауал жолдады. Айтуынша, сапалы кадр даярлау үшін академияға мамандандырылған жабдықтары бар жеке аэродром салу қажет. Оқу-зертхана базасын жаңартып, заманауи жаттығу құралдарымен жабдықтау маңызды. Сенатордың сөзінше халықаралық авиация ұйымдарының стандарттарын енгізу жұмысы сылбыр жүріп жатыр. Кей өңірлердің әуежайларында инфрақұрылымның әлсіздігі, жанармай бағасы мен ұшақ билетінің қымбаттығы сияқты мәселе көп. Депутат еліміз бен шет елдерде болып жатқан ұшақ апаттарына қатысты осындай алаңдаушылығын білдірді.
Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:
Авиация саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды болып отыр. Ол үшін нысаналы қаржыландыру нормасын енгізуді қарастыру қажет. Елдің авиация саласының қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кадрларды даярлайтын стратегиялық орталығы ретіндегі академияның рөлін күшейту үшін оған ерекше мәртебе беру мәселесін қарастыру қажет деп ойлаймын.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05