2023 жылы ел азаматтары бір біріне 80 трлн ₸ аударған
2023 жылы қазақстандықтар банк қосымшалары арқылы бір-біріне 80 трлн теңге аударған. Бірақ аталған қаражаттың қанша пайызы жасырын кәсіп арқылы келгені белгісіз. Яғни көлеңкелі экономикаға жол берілген. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, биыл біршама азамат декларация тапсырудан босталғаннан кейін мобильді аударымдардың саны күрт арта бастаған. Сондықтан жаңа ереже енгізіліп жатыр. Соңғы үш айда қатарынан 100 немесе одан да көп адамнан 255 мың теңгеден артық мобильді ақша аударым қабылдағандарға қатысты мониторинг жүргізілмек.
Дина Құсайынова, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма жетекшісі:
2023 жылы ел азаматтары бір біріне банк қосымшалары арқылы 80 трлн теңге ақша аударған. Ал банк картасы немесе QR код арқылы түрлі қызмет пен тауарға төленген ақша 53 трлн теңге. Енді өзіңіз салыстырып көріңіз. Осыны тексеру туралы бастама шыққаннан бері азаматтар қарсылық білдіріп жатыр. Дегенмен біз талдау жасап, ақпан айына дейін банктерге осы ақшаны аударған адамдардың ЖСН-ын береміз. Өз кезегінде банктер де зерделеп, оның қорытындысын ұсынуы керек.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05