Қызылордада су бөгетіне қажетті қосалқы бөлшек шығаратын зауыт ескірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қызылордада су бөгетіне қажетті қосалқы бөлшек шығаратын зауыт ескірген

Қызылордада су бөгетіне қажетті қосалқы бөлшек шығаратын зауыт ескірген

Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығына және су бөгеттеріне қажетті қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт ескірген. Кәсіпорынды заман талабына сай жаңғырту үшін мемлекеттен қолдау қажет. Өңірге іс-сапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары өндіріс орнына барып, жұмысшылармен кездесті. Кеңес заманынан келе жатқан зауытта жоғары сапалы шойын және темірден түрлі бөлшектер дайындалады.

Бұл еліміздегі гидротехникалық нысандарға қажетті заттар дайындайтын жалғыз өндіріс орны. Алайда ғимарат әбден ескіріп, модернизацияны қажет етеді. Соған қарамастан ішкі нарықты қамтып, 10 пайыз өнімін экспортқа жөнелтіп отыр. Мәжіліс депутаттары Таңсәуле Серіков пен Анас Бекқожаев кәсіпорынның әлеуетін көтеру бойынша айтылған ұсыныстарды алдағы уақытта Үкіметке жолдамақ.

Анас Бекқожаев, Мәжіліс депутаты:

Осы құрал-жабдықты шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт осы мекеме. Сондықтан да бұл мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, тиісті мәселелері, проблемалары болса соны жеткізіп, Үкімет арқылы соны шешуге көмектесу. Осындай мекемелерді біз дамытуымыз керек. Осындай мекемелерге арзан ақша беріп, кәсіпкерді кішкене сүйемелдеу керек.

Әділбек Серікұлы

Бөлісу