Ақмола облысындағы Уәли хан мазары қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Уәли хан мазары қалпына келтірілді

16.08.2017

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Уәли хан мазарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Ертеде қабір басында тас қана болған. 2008 жылы хан ұрпақтары мазар тұрғызды. Алайда, ол дұрыстап қоршалмай, мазар маңын мал басып, атқарылған іс зая кеткен. Енді міне, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Уәли хан - Абылай ханның ұлы. 40 жыл орта жүзге билік еткен. Облыс әкімі Мәлік Мырзалинмен кездескен тұрғындар мазар жанындағы Ақкөл ауылына Уәли хан атын беруді ұсынды. Бұл ұсыныс алдағы уақытта қаралмақ. Жалпы, Ақмола облысынан Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне 20 нысан ұсынылып, 11-і алынған. Олардың қатарында Уәли хан мазары да бар. 

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу