Денсаулық сақтау саласында артық әкімшілік реттеу азаяды
Денсаулық сақтау саласында артық әкімшілік реттеу азаяды. Себебі, бүгін осы мәселені реттеуге арналған заң жобасы мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Осылайша, мемлекеттік органның шешімдерін қабылдау процесі жеделдейді. Көбінесе мемлекеттік органның қандай да бір шешім қабылдауы үшін, алдымен тиісті заңдарға өзгертістер мен толықтырулар енгізуі талап етіледі. Ал заң жобасы арқылы мемлекеттік органдардың қызметінде артық регламенттелген нормаларды кодекстен алып тастап, министрлік туралы ереженің деңгейіне көшіруді көздейді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Кодекске шамамен 160-тан астам түзету енгізу қарастырылған. Оның ішінде 14-ін министрлік туралы ережеге ауыстыруға байланысты кодекстен алып тастау ұсынылды.Сондай-ақ заң жобасында нормалардың қайталануын болдырмайтын түзетулер бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13