ШҚО-да айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың ескерткіші орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың ескерткіші орнатылды

07.08.2017

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында қазақтың көрнекті айтыскер ақыны, танымал журналист Қалихан Алтынбаевтың ескерткіші орнатылды. Осы күні ақынның 90 жылдығына орай республикалық айтыс та болып өтті. Оған Ринат Зайытов пен Серік Қалиев бастаған 12 ақын келіп қатысты.

Аудан ипподромында бәйге ұйымдастырылды. Айтулы шара Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында айтылған тапсырманың аясында іске асты.

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу