Израиль «Хамас» лидерін өлтіргенін мойындады
Израиль билігі «Хамас» лидері Исмаил Ханияның өліміне жауапты екенін алғаш рет мойындады. Мұны осы елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді. Ол бұл сөзін йемендік хуситтер туралы айтып жатқанда келтірген.
Министр Израиль билігі хуситтердің инфрақұрылымына шабуыл жасап, олардың да жетекшілерінің көзін жоятынын мәлімдеді. Естеріңізе сала кетсек, палестиналық Хамас тобының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шілде айында Тегерандағы резиденциясында әуе шабуылынан опат болған еді. Израиль әскері оның орнына келген Яхья Синварды да мерт қылды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз әр азаматтың, әсіресе жастардың бойына тазалық ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек»
13.10.2026, 11:12
«Әбіл» фильмі Asian World Film фестиваліне шақырту алды
13.10.2026, 10:10
Қола дәуіріндегі қыш құмарадан дәнді дақыл нышандары табылды
13.10.2026, 10:08
Кибершабуылдан миллиондаған еуроның азық-түлігі бүлінді
13.10.2026, 10:07
Орта дәлізді дамыту бастамасы қолдау тапты
13.10.2026, 10:05
Қазақстанның адам саудасына қарсы тұрудағы тәжірибесі талқыланды
13.10.2026, 10:01
Ливанмен шекараға жақын маңда оқыс оқиға болды
13.10.2026, 10:00
Президент Бельгиялық қонақтарға Ұлттық балаларды оңалту орталығын таныстырды
13.10.2026, 10:00