Қызылорда облысындағы Мырзабай ахун мазарынан ХІХ ғасырға жататын көне Құран кітабы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысындағы Мырзабай ахун мазарынан ХІХ ғасырға жататын көне Құран кітабы табылды

04.08.2017

Болжам бойынша, бұл құнды жәдігерді аласапыран уақытта Мырзабай ахунның өзі көмген. Кітаптардың кейбірі жақсы сақталған болса, бірқатарының мұқабалары шіріп, парақтары жыртылған. Бірақ, жазуы анық көрінеді. Оны тапқан Мырзабай ахунның шөбересі Ораз Салқашұлы. Қазір ол қолындағы құндылықтарды сандыққа салып, көзінің қарашығындай сақтап отыр. Алдағы уақытта мұражайға өткізіп, кітаптың сырын ашқысы келеді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу