Атырауда борышкерлер құмар ойынға қыруар қаржы аударған
Атырауда алимент төлемей жүргендер құмар ойынға қыруар қаржы аударған. Қалалық прокуратурамен 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден аса ақша аударғаны анықталды. Тексеруден соң 45 адамға букмекер сайттарына кіруге шектеу қойылды. Тағы 11-інің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 14 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тайбек Құлтайұлы, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:
Осы дерекке қатысты әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды. Борышкерлердің назарына алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау қала прокуратурасының қатаң бақылауында.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15