Қостанайда шетелдік инвесторлар есебінен өрт шалған орман ағашын өңдейтін ірі зауыт салынады. Бұл іске шетелдік кәсіпкерлер 500 млн теңге қаржы құюға даяр. Жаңа кәсіпорын Әулиекөл ауданында бой көтермек. Аумағы 9 гектарға жуық. Зауытта кесілген ағаштың ұнтағы да кәдеге асып, құрылыс материалдары мен жиһаздар жасалады. Осы уақытқа дейін өрт шалған орманнан 1 млн текше метрден астам ағаш шабылған. Оны сатқаннан түскен қаржы 3 млрд 500 млн теңге көлемінде. Бұл жұмыс 2030 жылға дейін жалғасады.
Нина Федяй, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі:
Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, серіктестікке зауытты салу үшін жер телімі екі жылға жалға беріледі. Зауыт іске қосылып, бюджетке пайдалы екені дәлелденсе, 8,8 гектар жерді шетелдік компанияның жалға алу мерзімі әрі қарай ұзартылады.
Дәуренбек Әбдібек