Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

12.07.2017

«Мәдениеттер көпірі». 22-28 шілде аралығында Астанада осындай атаумен 13-ші Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ұйымдастырылған шарада 2016-2017 жылдары жарық көрген кең ауқымды әлемдік фильмдер көрсетілмек. Яғни, толық және қысқаметрлі картиналар, авторлық және жанрлық кино, балалар фильмдері.

Жалпы, кинофестивальге жаһандық деңгейдегі 300-ге жуық фильм қатысса, оның 100-ге жуығы отандық таңдаулы туындылар.

Тағы бір айта кетерлігі, биыл тұңғыш рет қазақтың фильмі қазақ тілінде көрсетіледі.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу