Семейде тұғындар ипотекаға алған үйлеріне кіре алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде тұғындар ипотекаға алған үйлеріне кіре алмай жүр

30.11.2024

Семейде Қарағайлы ықшам ауданынан ипотекаға баспана сатып алған тұрғындар үш айдан бері пәтерлеріне кіре алмай жүр. Өйткені көпқабатты 5 тұрғын үйге жылу, жарық пен су қосылмаған. Салдарынан баспаналы болғандардардың дені пәтер жалдауға мәжбүр. "Қоныстанбаған үй үшін банк алдындағы берешекті де үш айдан бері өтеп шығындалдық",- дейді.

Еркежан Дулатқызы, тұрғын:

Тұрғын үй бөлімі, құрылыс бөліміне сілтейді. Екеуі бір-біріне сілтеп отыр. Білмейді ешкім. Бұл үй маған оңайшылықпен келген жоқ. Мен мұны ипотекаға алып отырмын. Қыстың ортасына келдік. Әлі ештеңе дайын емес. Қай жерге, кімге барамыз?

Жанат Ғалиева, тұрғын:

Алғанда қуанышымыз кеудемізге сыймады. Бөркімізді төбеге лақтырдық қой. Ипотекамызды төлеп жатырмыз. Өзіміз пәтер жалдап жүрміз. Дайын болмаса неге өткізді, неге кілтін берді?

Қала әкімшілігі үш айдан бері түрлі сылтау айтып келеді. Тұрғындар қала басшысымен бірнеше рет жолыққан. Бүгін де кездесті. Әкімнің айтуынша, жаңа ауданда жылу беретін станция кеш салынған. Ертеңнен бастап барлық мәселе реттелмек.

Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласының әкімі:

Жылу келмеген болатын. Сол жылуды біз күттік. Бүгіннен бастап кілттің бәрін халыққа бергеннен кейін, ертеңнен бастап ақырындап барлығын қоныстандырамыз.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу