Елімізде суррогат анаға сұраныс көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде суррогат анаға сұраныс көбейді

29.11.2024

Бұл әйелдің тұңғышы ішінде шетінеп, жатырын алып тастаған. Бет-жүзін көрсетпеуді сұрады. Ұрпақ сүюден үміті үзілген жолдасы бір келіп, бір кетіп, шаңырағы шайқала жаздаған. Ал әйел керсінше, балалы болудан үмітін үзбеген. Араға он жыл салып, екі рет суррогат ананың қызметіне жүгінген. Қазір екі қызы бар. Үлкені 5 жаста, екіншісі 2-де.

Жанар, қала тұрғыны:

Бетіне қарасам, қолына қарасам, күйеуіме ұқсайды. Сондай бақыт. Сөзбен айта алмаймын. Суррогат аналар, өте үлкен көмек.

Самал Қабышева, тілші:

Біз Крио деп аталатын қойманың ішінде жүрміз. Бұл жерде ұрық сақталады. Яғни, аналық-аталық жасушамен қатар, дайын эмбрион, ұрықты осындай ыдыстың ішінде сақтайды. Бұл ыдыстың атауы дьюар деп аталады. Оның іші сұйық азотқа толы. Ішіндегі градус -196 градус цельсия. Бұл жерде ұрықты ұзақ уақыт бойы сақтауға болады. «Оның шектеулі уақыты жоқ»,-дейді дәрігерлер.

Дәнекер Әбутәліп, эмбриолог-дәрігер:

Ұрықтарды қосқаннан кейін, олар арнайы осындай инкубаторға орналастырылады. 5-7 күн бойы осында өрбиді. Бес күннен кейін егер пациент дайын болса, эмбрионды жатырға салып бере аламыз.

Аналық және аталық жасушаның қосылғаны, оның ұрық болып дамығаны арнайы құрылғының көмегімен қадағаланады. Егер эмбрион әлсіз болса, жатырға салынбайды.

Алмаз Ибрагимов, репродуктолог-дәрігер:

Кемінде 150 орташа есеппен жанұяға сурррогаттық ана қызметі көрсетілді. Орташа есеппен-150-200 жылына. Ал, бұдан 10 жыл бұрын денеден тыс ұрықтандыру бағдарламасының саны да аз болды. Суррогаттық ананың қызметі шамалы қымбаттады деп айтуға болады. Қазір 5-6, кейде 10 млн теңгеге дейін баруы мүмкін.

Яғни, суррогат анамен оның қызметіне жүгінушілер баға мәселесіне өзара келіседі. Суррогат ананың қызметіне кез-келген адам жүгіне алмайды. Тек, бала көтеруге мүмкіндігі жоқ адамдарға бұл қызмет қолжетімді. Барлығы заңмен бекітілген. Ал, суррогат ана 20-35 жас аралығында болуы шарт.

Босанған ананың өзінің, әрі баласының дені сау болуы керек. Ал, жатырды жалға алғандар әйелдің медициналық тексеруіне кеткен шығындарды толық өтеуге міндетті. Барлық құжат нотариуспен бекітіледі. Оған қоса суррогат анаға жүктілік кезінде ай сайын еңбекақысы төленуі керек.

Самал Қабышева, тілші:

Суррогат ана босанғаннан кейін баланы биологиялық ата-анасына бермеуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда заң алдында жауап береді. Ал, елімізде 29 мың әйел адам бедеулік бойынша есепте тұр.


Самал Қабышева 


Хабарламаларға жазылу