Семейде «Мемлекеттік тіл – егемендіктің тұғыры» республикалық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Мемлекеттік тіл – егемендіктің тұғыры» республикалық форумы өтті

29.11.2024

Семейлік Әділ Әлімбаев Абай облысының мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тапсырысы бойынша «QAZAQSHA» қосымшасын құрастырып жатыр. Смартфон арқылы мемлекеттік тілде сауатын ашамын дегендер үшін таптырмас көмекші. Бағдарлама жақын күндері іске қосылады. «Ол арқылы ана тілімізді өте аз уақыт ішінде меңгеруге болады»,-дейді ІТ саласының маманы.

Әділ Әлімбаев, ІТ маманы:

 А1,А2, В1,В2 деңгейлері бар. Әр деңгейінің ішінде оқылым, жазылым, тыңдалым сабақтары бар. Біз лингвистикалық орталықпен тығыз байланыстамыз. Және көп мәлімет бар.

Қазір қазақ тілінің сөздік қорын жасаумен елімізде 5 ғылыми орталық шұғылданады. Бүгінге дейін 115 миллион сөз қорға енген. Алайда атқарылар іс әлі қыруар. «Жұмысты жеделдету үшін заманауи тәсілдерге көшуіміз қажет»,-дейді мамандар.

Ербол Тілешов, ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы:

Салыстыру үшін, орыс тілінің тілдік қоры миллиард. Чех тілінікі 4 миллиард. Ағылшын тілінікі 6 миллиард. Біз мынау жасанды интеллект арқылы немесе мультфильм жасау немесе «Алисаның» аналогын жасау. Көп пайда болды ғой, интеллект. Кем дегенде бізге 200 миллион сөздік қоры керек.

Қазір қазақ тіліндегі көрнекі ақпарат пен жарнамада қате өріп жүреді. Оған тікелей аударудың немесе кейбір сөздердің баламасының болмауы себеп. Енді ондай ақпараттар жергілікті жердегі тілге жауапты мекемелердің рұқсатымен ғана жарияланбақ. «Мәдениет туралы» заңға жақында осындай бірқатар өзгерістер енеді.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу