Автобус апаты: Жеңіл көліктің жүргізушісі сотталды
Алматыда адам өлімімен аяқталған автобус апатына қатысты сот үкімі шықты. Оқиғаға кінәлі деп танылған Анель Сартаева, 2,5 жылға сотталып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ол жазасын баласы 3 жас 9 айға толған соң өтейді. Жеңіл көліктің жүргізушісі бұған дейін өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Жәбірленушілер оны кешіріп, судьядан жеңіл жаза беруді сұраған болатын. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайын, маусым айында Алматыда Анель Сартаева көлігімен келе жатып, жол белгісін елемей, автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астам жолаушы жарақат алды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылы қысқа үйренген жұрт қатал қысқа дайын болмай шықты
12.02.2026, 20:30
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06