Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады. Аида Балаева мемлекет басшысына ведомствоның биыл атқарған қызметтері туралы есеп беріп, келесі жылдың жоспарын таныстырды. Биыл алғаш рет қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, яғни Венецияда, ГимЕ Азия өнері музейінде таныстырылған. Еліміздің баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілді. 2022 жылмен салыстырғанда, осы жылы еріктілер саны 240 мыңға жеткен. Президент министрге алдағы жылы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді мерейтойлық әрі маңызды іс-шараларға дайындық барысын жіті бақылауға алуды тапсырды.
Аида Балаева, Мәдениет және ақпарат министрі:
2025 жыл – идеологиялық ерекше атаулы жыл болайын деп тұр. Тарихи маңызы зор бірнеше мерейлі даталар бар. Осыған орай бүгін мен мемлекет басшысына дайындық барысын баяндап, атап айтқанда, ҚХА 30 жылдығымен, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезімен, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы жобалармен таныстырдым. Президент жаңа ұсыныстар мен тапсырмалар жүктеді.
Динара Жарқынбек